Сұрақтар мен жауаптар
Сабақ 9:00-де басталып, 15:35-те аяқталады. Одан кейін үйірмелер өтеді.
1–11 сыныптарда 18–22 оқушы, даярлық сыныпта 15 балаға дейін.
3 мезгіл тамақ, мектеп формасы мен спорт формасы және оқу құралдары.
Мектепте 18 үйірме бар: каратэ, шахмат, сурет, интеллектум, фортепиано және басқалар. Әр оқушы таңдауы бойынша 2 үйірмеге қатыса алады.
7-сыныптан бастап математика, физика, химия, биология және информатика ағылшын тілінде оқытылады. Ағылшын тілі 1–11 сыныптарда тереңдетіліп оқытылады.
Үй тапсырмасын мектепте орындауға мүмкіндік бар.