Үміткерді тіркеуге және емтиханға қатыстыру жөніндегі ата-анасының (заңды өкілдерінің) келісімі
1) Үміткер туралы ұсынылған барлық ақпараттар толық және шынайы болуы қажет
2) Ақпараттар қазақ тілінде немесе орыс тілінде толтырылады
3) Үміткердің бет жүзі анық көрінетін 3x4 форматындағы сурет керек
4) Туу туралы куәліктің суретінде мәтін анық оқылатын болуы шарт
5) Туу туралы куәлікте ЖСН жазылмаған болса, үміткердің ЖСН нөмірін растайтын анықтама қосымша жүктелу керек
6) Емтиханда оқушы қарындаш, ұштағыш және өшіргіш қолдана алады
7) Емтиханға оқушы бетпердемен келуі керек
8) Емтихан кезінде оқушы қалған қатысушылардан 1 метр қашықтықты сақтауы тиіс
9) Көрсетілген WhatsApp нөмірі және Email поштаңыз байланыста болуы қажет.
10) Тіркеу нысаны дұрыс толтырылған болса, сізге Email поштаңызға
емтиханға кіру рұқсатнамасы жіберіледі
11) Тіркелу формасында қате болса, мектептің қабылдау комиссиясының өкілдері сізге WhatsApp пен Email арқылы хабарласады. Қайтадан тіркелуіңіз сұралатын болады
12) Емтиханға кіру рұқсатнамасын алған кезде, алғаныңызды қабылдау комиссиясының өкіліне Email арқылы хабар беруіңіз керек
13) Емтихан кезінде оқушының өзімен бірге басып шығарылған емтиханға кіру рұқсатнамасы болуы тиіс
14) Үміткердің конкурстық іріктеудің барлық кезеңдеріне келуі үшін жеке өзіңіз жауап бересіз және үміткердің басқа біреудің қатысуынсыз конкурстың барлық кезеңдерінен өтуін қамтамасыз етуге тиістісіз. Үміткер конкурстан өткен кезде, конкурстық іріктеу кезеңдерін ұйымдастыруға және өткізуге жауап беретін ұйымдардың қызметкерлерімен сыпайы қатынаста болуыңыз сұралады
Бұл келісімді қабылдау арқылы сіз үміткердің дербес мәліметтерін жинақтауға, сақтауға және өңдеуге рұқсат бересіз.