Кіріспе сөз

Мектеп директорының сөзі

«SilkWay» мектеп-лицейінің веб парақшасына қош келдіңіздер. Мектебіміздің Атырау қаласының түрғындарына өз қызметін ұсынып жатқанымен ерекше мақтан тұтамыз. Осы парақшадан мектеп туралы қажетті мәліметті таба аласыз деген үміттемін.

 

Қазіргі заманда баланы толыққанды тұлға ретінде қалыптастыру қаншалықты маңызды екені баршаға мәлім. Мектептің шәкірттерімізге ұсынып жатқан құндылықтар жүйесі, материалдық базасы және жанашыр ұстаздары оқушының сапалы білім мен саналы тәрбие алуына зор ықпалын тигізеді деп ойлаймыз. Баланың жетістікке жетуі - ол мектеп қауымдастығының - оқушы, ата-ана және мұғалім - жақын қарым-қатынасы мен серіктестігі арқасында іске асырылатына кәміл сенеміз.

 

Мектебіміздің оқушылары келешекте қоғамның игілігі үшін аянбай еңбек ететін ойшыл азаматтар болады деп үміттенеміз.

 

Құрметпен,

Ринат Маутин

SilkWay» мектеп-лицейінің директоры